Білім

Петропавлда “Казтест” енгізіле бастады

 
 
 

 

 

«Казтест» деп аталатын бағдарлама бойынша сынақ еліміздің әр облысында өтуде. Оған өңіріміздің кез-келген азаматы қатыса алады. Әзірше бұл жүйе сыналып жатыр. Сондықтан оның нәтижелері білімін тексерушілердің қызметіне әсерін тигізбейді.

  Жансерік Қайрат,  “Ұлттық тестілеу орталығы” Петропавл қалалық филиалының жетекшісі:
-Мақсаты – өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қай деңгейде білетінін анықтау. 50 адам қатысады. Оған 5 мемлекеттік қызметкер, ЖОО-ң оқытушылары, орысша білім алатын 10 студент, 10 медицина қызметкері.

  “Қазтестің” тапсырмалары Астана қаласындағы ҰБТ орталығында сарапталған. Барлық сұрақтарға 150 минут берілген. Сыналушы 3 бөлімнен өтуі тиіс.

  Жансерік Қайрат, “Ұлттық тестілеу орталығы” Петропавл қалалық филиалының жетекшісі:  
-1 бөлім – тыңдалым, онда тыңдауға беріледі. 2-ші – лексика-грамматика бөлімі, 3- ші мәтін бойынша.

 Бүгін сынаққа қатысушылардың қатарында Санат Байқуаныш та бар. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да орыс тілінде білім алатын студент «Әрбір азаматқа ана тілін білу парыз»-дейді.

  Санат Байқуаныш, СҚМУ студенті:
 – Мен бүгін тестілеуге келіп отырмын. Нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын. Мектепте, СҚМУ-да алған білімімді көрсетуге тырысамын.

Тест тапсырып болғаннан кейін жауаптары Астана қаласындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығына жіберіледі. Нәтижесі сонда анықталады.

Айдана Демесінова