Құқық қорғау органдары

Заңсыз кондитер цехы

 

 

 

 

Прокуратура қызметкерлерінің оперативті бейне түсірілімінде кондитерлік цехтың заңсыз жұмыс жасағандығы тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Тәтті өнім шығаруға рұқсат қағаздарының жоқтығын айтпасақ та түсінікті. Екі бөлменің бірінде шетелдік жұмысшылар заңсыз кәсіппен айналысса,  келесісінде  тұрған. Барлығы да Тәжікстан азаматтары. Оған қоса алтауы да Қазақстан аумағында болу заңнамасын бұзған.

 Казбек Хашиев,  Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:
-Цех санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына мүлдем жауап бермейді. Кондитерлік өнімдерін Петропавл қаласының сауда орындарына өткізіп отырған. Бағасы арзан болғасын, тиісті рұқсат құжаттарын ешкім сұрамаған болар.

Сондай-ақ тексеріс барысында Өзбекстанның екі азаматы ұсталды. Бұл шетелдіктер де ақша табу мақсатымен көші-қон заңнамаларын елемеген, кәсіптерін де рәсімдеуге асықпаған.  

Казбек Хашиев,  Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:
-Өзбекстандықтар вокзал аумағында ұсталды. Олар ондағы дүңгіршіктердің бірінде самса әзірлеп саудалаумен айналысқан.

 Екі факті бойынша да шетелдіктер жауапқа тартылады. Заңсыз кәсіптеріне салынған айыпты толығымен өтеген соң олар Республика аумағынан аластатылатын болады. Бұл азаматтар үшін 5 жыл бойы елімізге жол жабық болады.

Жеңіс Ермұқанов