Спорт

Шахматшы студенттер арасындағы сайыс

 
Асылхан Қараев – облысымызда өзін таныстыруды қажет етпейтін белгілі есімдердің бірі. Университеттің 1 курсында ғана оқитын Асылхан  шахматтан республиканың 3 мәрте жеңімпазы, спорт шебері . Сондықтан бүгінгі турнир Асылхан үшін күнделікті қарапайым ойынның бірі іспетті. Тек сайыс командалық болғандықтан, тобындағы басқа ойыншылар үшін біршама қорқатынын айтады.

  Асылхан Қараев,  шахматтан республиканың 3 мәрте жеңімпазы:
-Мен шахматпен 10 жыл бойы айналысып келемін. Енді жоспарымда әлем чемпионатына барып, олимпиада ойындарында жеңімпаз атану.

Ала тақта ойынының әуесқойлары арасында былтырғы ел чемпионатының жеңімпаздары да бар. Экономика факультетінің студенті Әнуар Шәгіров биыл ойыншы ғана емес, турнирдің төрешісі ретінде таңдап алыныпты.

  Әнуар Шәгіров, шахматтан спорт шебері, турнир төрешісі:
 -Бұл турнир жыл сайын өткізіледі. Сондықтан бүгін ең мықты ойыншылар жиналды. 9 команданың ішінен 2-уі ғана республикалық сайысқа барады.

Асылхан бастаған Тіл және әдебиет институты командасының құрамында болашақ журналист Сәлімхан Сәбитов бар. Шахмат оның таңдаған мамандығынан кейінгі сүйікті ісі.

  Сәлімхан Сәбитов, турнир ойыншысы:
– Шахмат маған ұнайды. Мен ойнаған кезде демаламын. Шахматты 3-шіи сыныпта үйрендім.

Ала тақтаға үңілген 30 студенттің ішінен 6-уы ғана ел деңгейіндегі үлкен сайысқа жолдама алады. Ал олардың есімдері 3 күннен соң анықталады.

Кәусар Аяпбергенқызы

  Асылхан Қараев,  шахматтан республиканың 3 мәрте жеңімпазы:
-Мен шахматпен 10 жыл бойы айналысып келемін. Енді жоспарымда әлем чемпионатына барып, олимпиада ойындарында жеңімпаз атану.

Ала тақта ойынының әуесқойлары арасында былтырғы ел чемпионатының жеңімпаздары да бар. Экономика факультетінің студенті Әнуар Шәгіров биыл ойыншы ғана емес, турнирдің төрешісі ретінде таңдап алыныпты.

  Әнуар Шәгіров, шахматтан спорт шебері, турнир төрешісі:
 -Бұл турнир жыл сайын өткізіледі. Сондықтан бүгін ең мықты ойыншылар жиналды. 9 команданың ішінен 2-уі ғана республикалық сайысқа барады.

Асылхан бастаған Тіл және әдебиет институты командасының құрамында болашақ журналист Сәлімхан Сәбитов бар. Шахмат оның таңдаған мамандығынан кейінгі сүйікті ісі.

  Сәлімхан Сәбитов, турнир ойыншысы:
– Шахмат маған ұнайды. Мен ойнаған кезде демаламын. Шахматты 3-шіи сыныпта үйрендім.

Ала тақтаға үңілген 30 студенттің ішінен 6-уы ғана ел деңгейіндегі үлкен сайысқа жолдама алады.