Әр түрлі

Қысқы аңшылық ашылды

 

 

 

 

 

Қысқы саятшылық маусымы екі ай көлемінде жүреді. Бұл уақытта жабайы доңыз бен елік,  қоян мен түлкі аулауға болады. Сондай-ақ, қараша айының 15-іне дейін құр, бөдене сияқты құстарды аулауға рұқсат етілген.

Олег Беспалов, Солтүстік Қазақстан орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
– Тұяқтылар мен мамық жүнділерге саятшылық жасау үшін арнайы рұқсат қажет. Жалпы аңшылық кезінде атып алуға болатын жабайы аңдардың санына шек қойылған.

Қазан айында өңірде заңсыз аңшылыққа қатысты 3 оқиға тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданының Успенка ауылында браконьер қызыл кітапқа енгізілген аққуды атып алған.

Олег Беспалов, Солтүстік Қазақстан орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
–  Біз заңсыз саятшыларды ұстауға дайындаламыз. Алайда техниканың соңғы жетістіктерімен қаруланған әуесқойлар да дес берер емес. Әсіресе түнгі уақытта жарықтарын сөндіріп жүретін заң бұзушыларды ұстау оңайға түспейді.

Мамандардың айтуларына қарағанда, браконьерлік оқиғалары Жамбыл, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов аудандарында жиі кездеседі. Қысқы аңшылық маусымында облыс саятшылары 18 қабан мен 500-ге жуық елік атып ала алады.