Билік

Телекөпірге дайындық басталды

 

 

 

 

Аталған шараға дайындық барысы Үкімет отырысында пысықталды. Тікелей эфир кезінде ұлттық компаниялар басшылары мен облыс әкімдері Елбасына үдемелі индустриялық -инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баяндайды. Телекөпір шеңберінде үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған- жалпы құны 400 млрд. теңгені құрайтын 80 жоба іске қосылмақ. Жаңа өндіріс ошақтарының ашылуы 11 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деп межеленіп отыр. Сонымен қатар өңір жетекшілері  2011 жылдың еншісіндегі инновациялық жобаларды да таныстырады.