Білім

Офицер болғың келсе …

 

 

 

Манас Сапарәлі  –  Мамлют қазақ мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы. Сондықтан оған болашақ мамандығын таңдау кезі келді. Манас өмірін әскери салаға арнауды көздеп отыр.

Манас Сапарәлі, Мамлют қазақ мектеп-интернатының оқушысы:
 – Әскери боламын деп армандамаған бала жоқ шығар. Әскери болу менің де арманым. Бәрі енді ҰБТ-ге байланысты. Қолымнан келсе, әскери болу жаман мамандық емес. Отанымды қорғап,  міндетімді атқарғым келеді.

Облыстық әскери комиссариат залына жиналғандар Манас сынды 2010-2011 оқу жылы түлектері. Бұл жерде оларға   әскери мамандықты меңгерудің талаптары туралы айтылды. Өңір оқушыларымен Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институттың өкілдері әңгімелесті.

 Ерлан Назарбаев, ҚР ҚМ радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты факультетінің аға офицері:  
 – Қазақстанның болашақ офицері мықты маман болуы керек.   Бізде негізінен радиотехник, байланыс, зениттік зымыран әскеріне 5 мамандық бойынша даярлайды. 

Ол үшін ҰБТ-де  мамандық бойынша физика пәнінен сынақ  тапсыру қажет. Кейін үш деңгейлі медициналық тексерістен өтеді. 9 жылдық тарихы бар институттың курсанты 5 жыл бойы әскери өмірге шыңдалады.  Мұнда болашақ офицерлер әскери шен алумен ғана шектелмейді. Инженер, радиотехник, байланыс маманы болып шығады. Қазір оқып жатқан 900-ге тарта курсанттың 30-ы солтүстікқазақстандық.

 Жеңіс Ермұқанов