Спорт

Каратэшілер біріншілігі

 

 

 

 

 

 Біздің өңірімізде жекпе-жектің бұл түрімен  200-ден астам жасөспірім шұғылданады. Ашық қалалық біріншілік  –  № 20 орта мектептегі дәстүрлі шара. Оны өңіріміздің шинкиокушинкай каратэ федерациясы өткізіп тұрады. Биылғы дүбірлі додаға 70-ке жуық спортшы жиналды.

  Руслан Сәрсенбаев,  СҚО шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті:
 – № 20 орта мектептің төл мерекесіне орай осындай жарыс ұйымдастырылып отыр. Жалпы алға қойған тағы да мақсаттарымыз бар. Алдағы уақытта Талдықорғанда өтетін Қазақстан және Солтүстік аймағының чемпионатына дайындалудамыз.

Арлан Құдайберген Көкшетау қаласының намысын арқалай келген. 9 жасар спортшы қарсыласы – Ғ.Мүсірепов ауданының өкілі  Владислав Фомичевті боз кілемнің бір шетінен екінші шетіне қуып, тығырыққа тіреді. Аяқпен басына екі-үш мәрте тигізген Арлан Владиславтан гөрі көп ұпай жинап, келесі кезеңге өтті.

  Арлан Құдайберген, жарысқа қатысушы, Көкшетау қаласы:
 – Мен Көкшетаудан жеңуге келдім. Жалпы қарсыласым қиындық туғызған жоқ.

СҚО шинкиокушинкай каратэ федерациясының құрамында ересектер арасында көп жетістіктерімен көзге түсіп жүрген жастар да баршылық. Олар өзін республикалық, халықаралық деңгейде көрсетіп үлгергендер.

 Данияр Каппасов, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
 – Мен жаттықтырушым Руслан Сәрсенбаевпен шынығып отырамын. Республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазымын. Астанада желтоқсанда өтетін жарысқа дайындалудамын.

Жүлделер 16 салмақ дәрежесі бойынша белгіленді. Сонымен қатар  4 спортшы жекелеген аталымдар бойынша марапатталды .

Гүлден Сәрсенбаева