Мәдениет

Татьяна Пенькошинаның шығармашылық кеші

 
 

 

 

 

Кездесуді  Татьяна Пенькошина «Яблоневый сад» поэмасынан үзінді оқумен ашты. Туынды Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған. «Соғыс тақырыбына  көп мән беремін, бұл тақырып маған жақынырақ»,- дейді ақын.

Татьяна Пенькошина, ақын:
– Бұл шара ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Мен өте қуаныштымын.

Татьяна Пенькошинаның шығармашылыққа бет бұрғанына 30 жылдан асты. Туындылары алуан тақырыптарды қозғайды. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы да оның шығармаларына мазмұн болған. Кешке жиналған оқушылар ақын өлеңдерін ұйып тыңдады.

 Көрермендер:

-Бүгін Татьяна Антоновнаның шығармашылық кеші өтіп жатыр. Бұл кісінің өлеңдері маған өте ұнады.
-Бұл кісінің өлеңдері жақсы жазылған . Бұл кеш маған оң әсерін тигізді. Әсіресе, поэмасы ұнады.

Әрбір ақын сияқты Татьяна Пенькошина да өлеңдерінің кітап болып басылып шығуын армандайды.

Айдана Серғазықызы