Әр түрлі

18 қазан – Қазақстанда рухани келісім күні

 

 

 

 

 Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері діни қатынастар саласында теңгермелі мемлекеттік саясат жүргізілуде. Соның нәтижесінде ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық, ауызбіршілік пен тұрақтылық , рухани сыйластық – бүгінгі таңда біздің басты байлығымыз. Дөңгелек үстел басына жиылған дін өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері мен кейінгі толқын рухани келісімді сақтаудың маңыздылығын әңгіме етті.  Қазақстанда 18 жылдан бері рухани келісім күні атап өтіледі. 1992 жылы елімізде өткен   дәстүрлі діндер өкілдерінің  конгресінде қазанның он сегізін – татулық, мейірімділік,  жақынға қайырым жасау күні ретінде белгілеу туралы шешім қабылданды.

  Евгений Яшенькин,  “Всех Святых” ғибадатханасының  қызметшісі:
– Бұндай мереке қажет. Көкейкесті мәселелерді қозғап, дұрыс шешім қабылдауға, күнделікті өмір құндылықтарын бағалауға, сонымен қатар кейінгі ұрпақтың болашағы жайында ой бөлісуге  мүмкіндік береді. Қазақстанның біртұтас халқы бірге туған елдің болашағын жасауы керек.

Елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие. Кездесуге келгендер бұл бай мұраны кейінгі ұрпаққа сақтап қалу маңызды міндет деген тоқтамға келді.

 Айымгүл Әбілева