Құқық қорғау органдары

Жас полицейлер ант қабылдады

 

 

 

 

 
Бұндай саптық байқаулар жылына екі рет өткізіледі. Ал осы уақытта қызметке жаңа қабылданған тәртіп сақшыларының салтанатты түрде ант беруі игі дәстүрге айналған. Бұл жолы ішкі істер органдарында адал қызмет етуге 14 полицей серт етті. Олар жол және патрульдік полиция батальонын толықтырмақ. Бұл бөлімшелердегі қызмет өте жауапты деді ІІД бастығы Мұрат Ұрымханов.

  Мұрат Ұрымханов, СҚО ІІД бастығы :
-Ант қабылдау рәсімі – полицейлер үшін ең маңызды және ерекше күн. Бүгін ант қабылдаған жас мамандар ішкі істер органдарында аянбай жұмыс істеп, полиция атағына кір келтірмей, еңбек етеді деген сенімдеміз.

Салтанатты шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері, ант қабылдаған тәртіп сақшыларының ата-аналары қатысып, оларды маңызды күнмен құттықтады. Шын мәнісінде, жас полицейлер үшін бұл күннің маңызы айырықша. Енді олар үшін ең бастысы – қызметтік міндетті адал атқарып, кәсіби борышты қалтқысыз орындау.

 
Айымгүл Әбілева