Ауыл шаруашылығы

Шаруаларға арналған гранттар

 
 

 

 

 

Бұл жоба Ауыл шаруашылығы министрлігі мен дүниежүзілік банктің бірлескен ұтымды дүниесі. Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында жасалған. Жоба бес бағытта грант ұсынады.

Әйіп Ысқақов, жобаны үйлестіру орталығының жетекшісі:
-Қолданбалы зерттеу, жаңа технология, ауыл шаруашылығы  өнімінің имиджін арттыру, зертханалық жұмыстарды жоғары деңгейге жеткізу, менеджмент.

Аманжол Етекбаев Шал ақын ауданындағы “Тілеу” шаруа қожалығын басқарады. Кәсіпорын  2007   жылы 3,5 млн теңге грант алып, екі қора салып, қазақтың етті ақбас сиырларын өсіре бастаған.

Аманжол Етекбаев,  “Тілеу” ШҚ директоры, Шал ақын ауданы:
-17 қашар мен 1 бұқа сатып алдым. Қазір басы 50- ге жақындады. Отбасымызбен осы кәсіппен айналысамыз.

Бұрындары егіншілікті кәсіп еткен “Тілеу” шаруа қожалығы мал азығын да өздері әзірлейді. Қашарлардың әрқайсысының таза салмағы 400 келіден асады. Әзірге шаруашылық сиырларды сойып, сату жағын қарастырмаған. Алдымен оның басын арттыру жоспарда. Грант алу бойынша республикада СҚО 6-шы орында. Өңірде 40 -тан аса жоба жүзеге асырылып жатыр.

Әйіп Ысқақов, жобаны үйлестіру орталығының жетекшісі:
Нәтиже жаман емес. Айыртау ауданында түйе шаруашылығы, Есіл ауданында қымыз шығарып жатыр.

Жобаның үйлестірушілері гранттардың көзделген мақсатта  пайдаланылуын қадағалайды. Бүгінгі жиында грант алып, оның нәтижесін көріп жатқан шаруашылықтар алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал жобаға жаңадан қатысуға ниеттенгендер облыс ғалымдарының бұл бағыттағы кеңестерін тыңдап, бағдарлама талаптарымен танысты.

Дана Ғизатова