Құқық қорғау органдары

Көші-қон тәртібін бұзғандар шекарадан әрі асырылды

 

Өзбекстан Республикасының үш азаматын полицейлер жедел алдын алу шарасы барысында ұстады. Шетелдіктер 19-шы  шағын аудандағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеген. Олар Қазақстанға пайда табу үшін келген жоқпыз деп ақталмақ болды. Достарының дүкенін салып бітіруге көмектесуге келіпті. Қазірде өзбек елінің азаматтары Петропавл қаласы әкімшілік сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Енді бұл үш азаматқа бес жылға дейін біздің мемлекетімізге келуге жол жабық. Көші-қон полицейлері «Нелегал» жедел алдын алу шарасы аясында жол бекеттеріндегі автобустарды, жеңіл көліктерді, облыс базарлары мен ойын-сауық орындарын тексеріске алды.

  Есенгелді Құлмағамбетов,  СҚО ІІД Көші- қон полициясы басқармасының бастығы:

-«Нелегал жедел алдын алу шарасының екінші кезеңі өткізіліп жатыр, бұл шараға ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қазметінің күштері жұмылдырылып отыр.

Аталған жедел алдын алу шарасы барысында шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 70 кәсіпорын мен мекеме тексерілді. Нәтижесінде ҚР аумағында болу ережесін бұзған 786 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, 97 адам елдеріне қайта жіберілді.

Айымгүл Әбілева