Мәдениет

Жақсыбай Самрат – 50-де

 

 

 

 
Кеш Жақсыбай Самраттың «Бітеу жара» атты кітабы бойынша  қойылған үзіндімен ашылды.  Желтоқсан оқиғасы сияқты  тарихи маңызды мәселені қозғаған жазушының бұл жалғыз еңбегі емес. Бүгінде ердің жасы  – 50-ге  келіп отырған Жақсыбай Баянұлының  ұрпаққа үлгі боларлық игі істері, үлкен жеңістері, тұшымды еңбектері бар. Той иесін облыс әкімінің атынан орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.
Құттықтаулар мен мақтаулар легі бұл кеште толастамады. Мерейтой иесін ардақтаған азаматтар елдің әр түпкірінен жиналыпты. Тағы бір шапанды жерлесімізге Мәжіліс депутаттары жапты.  50 деген еңселі жасында Жақсыбай Самрат тынымсыз еңбектерінің жемісін көріп отыр. Бүгінде ол елдегі бас газет “Егемен Қазақстанның” тілшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, «Мәдениет қайраткері»  құрмет белгісінің иегері. Жазушы қаламынан туған “Бітеу жара” , “Өзгеленді бұл ғалам” романдары мен “Тауағаш деген ел едік”, “Абылайдың ақ үйі” сияқты публицистикалық кітаптары – оқырманына  жол тапқан туындылар.

Кәусар Аяпбергенқызы