Спорт

Кикбоксшылар жеңісі

 



 

18 елдің 800-ге тарта үздік деген файтерлерін жиған дүбірлі додада   Ұлттық құрама табысты өнер көрсетті. Қазақстандық кикбоксшылар әлем кубогындағы 12 салмақ дәрежесінің барлығынанда жүлдемен оралыпты.

 Бабағұмар Рамиев, кикбоксингтен ҚР Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы:
 – Нәтижелеріміз өте жақсы, 38 адам апардық. 36-сы медальмен қайтты. Тәртіп бойынша, нәтиже бойынша да өзімізді жақсы көрсетіп “Лоу-киг” разделында бірінші орын алып келдік

Жұлдыздай жанған отандастарымыздың 16-ы алтыннан алқа тағынып, еліміздің көк байрағын биікке желбіретті. Ел намысын асқақтатқандардың бірі  – семейлік Бауыржан Құдайбергенов. 54 келі салмақ дәрежесінде республикамыздың ең үздік кикбоксшысына әлемдік додада тең келер қарсылас табылмады.

  Бауыржан Құдайбергенов, әлем кубогының жеңімпазы:
 – Тренерімнің маған қойған міндетін орындадым деп ойлаймын. Екі тартысты кездесу болды,бар күшімді салып, бірінші орын алдым.

Құрама қоржынындағы 10 күміс алқаның біреуі солтүстікқазақстандық Жабай Ахметовтікі.   

 

Жабай Ахметов, әлем кубогының жүлдегері:
 – Финалда анапалық жігітпен кездестім. Өз жері, әрине, онымен кездесу кішкене қиындық тудырды. Енді келесі жолы жеңісті қолдан бермей, жақсы нәтижеге тырысамыз.

Енді бір жерлесіміз халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісов те үздік үштікке еніп, ұлттық құрама еншілеген қола алқа санын 10-ға  жеткізді

  Азамат Нұрпейісов, әлем кубогының жүлдегері:
 -Әрине 1-ші орын алам деген ойын болған. Бірақ қарсыластарым өте мықты болды. Олардың көбі РФ. Ал Ресейдің кикбоксшылары әлемде ең мықты болып саналады. Соған қарамастан біз жақсы кикбокс көрсете алды.

 
Енді қазақ жерінің бірінші нөмірлі жекпе-жекшілері кикбоксингтен өтетін Азия біріншілігінде жетістіктерін еселеуге аттанады.
 

Жеңіс Ермұқанов