Спорт

Боксшылар турнирі

 

 

 

 

 

Турнир 12-13 жасар боксшыларды жиды. Сайыскерлердің көп бөлігі бокс әлеміне енді аяқ басқандар. Олар үшін бұл дода былғары қолғап шебері болуға шыңдайтын алғашқы баспалдақ істепті.

 Әнуар Тәженов, сайыскер:
 -Менің алғашқы жарысым, алғашқы жеңісім. Енді қалған кездесулерімді де осылай жеңуге тырысамын.

Сайыскерлер арасында ойсырай жеңіліп те , жеңістің де тәтті дәмін татып көргендер бар. 12 жасар Мақсат Масанның рингке шығып, жұдырық түйістіріп жүргеніне үш жыл болған. Талпыныстары нәтижелі. Дарынды жас бұл жолы да қарсыласын шыдатпай, бұрыштан бұрышқа қуып жүріп соққылады.

 Мақсат Масан,сайыскер:
 – Бұл менің алғашқы жарысым емес. Әрдайым жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып тұрамын. Бұл турнирде де чемпион боламын.

Жыл санап, дәстүрлі турнирдің аясы кеңейіп келеді Кезекті тартыста дайындықтарын шыңдауға өңір спортшыларымен қатар Атбасар қаласы мен Ресейдің жас боксерлері келіпті. Тәжірибе осындай шеберлік алмасудан жиналады дейді ұйымдастырушылар.

 Әмір Молдабаев, бас төреші:
 – 5-ші рет өтіп жатыр турниріміз. мақсатымыз облыста боксты дамыту. Сол үшін кішкентай балаларды дайындап жатырмыз.

Қазір іріктеу жекпе-жектері өтуде. Бұл сындардан мүдірмей өтіп 12 салмақта жеңімпаз атанғандардың есімі қарашаның 24-і күні өтетін ақтық сындардан кейін белгілі болмақ.
 

Жеңіс Ермұқанов