Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол”

 

 

 

 

Өткен аптаның сәрсенбісінде полицейлер облыс орталығына кіре берісте ВАЗ -2105 автокөлігін тоқтатқан. Инспекторлар көліктің жүксалғышынан атып алынған сібір елігін тапты. Бірақ көлікті тінту кезінде ешқандай қару болмады. Жүргізуші “Оңтүстік” жол бекетіне жеткізіліп, оқиға орнына 2- полиция бөлімінің тергеушілері шақыртылды. Ұсталған жүргізушінің айтуынша, өліп жатқан елікті ол қала сыртындағы келе жатып жолда көрген де,  машинасына салып алған. Жүргізушінің елікті шын мәнінде тауып алғанын, не атып алғанын тергеу анықтайды. Әзірге сараптама жүргізіліп жатыр. Полицейлер “Қауіпсіз жол” шарасы барысында облыс жолдарын қатаң бақылауға алған. Шараның үш тәулігінде полицейлер жолда жүру ережелерін бұзудың 1 042 фактісін тіркеді.

  Әсия Әбжанова, СҚО ІІД жол полициясы басқармасының аға инспекторы:

– Үш күннің ішінде ғана жол сақшылары ішімдік ішіп, рөлге отырған 60 жүргізушіні ұстады. Жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көліктердің жүргізушілері тарапынан жол жүру ережесін бұзудың 70 фактісі анықталды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жағынан да 46 заң бұзушылық анықталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу операциясы қазанның 25-не дейін жалғасады.

 Әсем Сембина