Қылмыс

Ломбард тоналды



 

Полицейлер тоналған аумақты қоршауға алыпты. Мұнда жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған. Сондықтан журналистердің ішке өтуіне рұқсат берілмеді. Әзірге оқиғаның куәгерлері жоқ. Ал тәртіп сақшылары тонаушылардың іздері қалуы мүмкін деп үміттеніп отыр. Көршілес дүкендердің сатушылары да күдікті ешнәрсе байқай қоймаған.

Сатушы:

-Бізге тергеуші келіп, көрші дүкенге ұры түсті дегенді айтты. Оған дейін біз ештеңе білген жоқпыз.

 
Ломбардқа күзет қойылмаған, дабыл қаққыш та орнатылмапты. Ұры түскенін таңертең жұмысқа келген ломбард қызметкері көрген. Ол сейфтің орнында болмай шыққанын байқап, полицияға телефон шалған. Ұрылар сейфті терезедегі темір торды алып тастап, шығарған көрінеді.

Дулат Мұхаметжанов,  СҚО ІІД 2 – полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Қанша ақша болғанын әзірге білмейміз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысында анықтайтын боламыз.

Полицейлер көршілерден жауап алуға кірісіп кетті. Қылмысты ашуға қызметтік иісшіл иттер де тартылды.

 Әсем Сембина