Әр түрлі

Азық-түлік неге қымбаттады?



 

 

 

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бәсекелестікті қорғау  бойынша Агенттіктің аумақтық бөлімі 20 сараптама ұйымдастырған. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 4 тексеру жүргізіліп, оның 3-нде хаттама толтырылса, 1 әкімшілік іс қозғалған.

Зәуре Нұрмұқанова,  ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің СҚО бойынша аумақтық бөлімінің бастығы:

-“Коммунхоз” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының , “Горгазсервис” серіктестігі, “Баян”арақ-шарап зауыты, аудандық бір әділет басқармасының жұмысы толық тексеріске алынды.

Тексеріс кезінде қажетті ақпарат бермеген “Коммунхоз” кәсіпорны 494 мың теңге айыппұл төлеп те үлгерген.
Бұл күндері аумақтық бөлім қызметкерлері осы күзде  баға өсірген саудагерлер мен өндірушілер жұмысын тексеруге кіріскен. Тамызда қарақұмықтың жоқ болып кетіп,  кейін қымбаттап оралуы сауда орындарының келісілген әрекеттері болуы мүмкін. Өсімдік майына қатысты да тексеріс басталған. Ал облыс орталығындағы саудада  басқалардан  үлесі басым  “Петропавл нан тоқаш комбинаты” қазанның төрті бірінші сортты ұннан пісірілген нанды 3-5 теңгеге қымбаттатты. Монополияға қарсы агенттіктің облыстағы бөлімінің мамандары нанның негізді-негізсіз қымбаттауын тексеруге кіріскен. Тексеріс жақын күндері аяқталады.

Зәуре Нұрмұқанова,  ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің СҚО бойынша аумақтық бөлімінің бастығы:

-Бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін нан өндіретін субъектіге келетін болсақ, осы айдың соңына дейін тексерікті аяқтап, істі сотқа жібереміз.

Павлодар облысындағы 3 ұн үгу комбинатының, Жамбыл облысындағы 7 наубайхананың өзара келісіп, бағаны көтергендері анықталды. Ал Шығыс Қазақстан облысында тіпті екі ұн үгу комбинатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 

Әсем Сембина