ТКШ

Облыс орталығындағы көпқабатты 59 үйде газ жоқ

 
Бізддің тілщілер бос сұққан  үй тұрғындарының газдан қағылғандарына тура бір тәулік екен. Ал облыс орталығындағы кей баспана иелері өткен аптадан бері көгілдір отынсыз отыр.

 Тұрғындар:

 

 

-Газ жоқ. Осымен 4 күн. Газ жеткізілмей жатыр дегенді айтып жатыр.
-Маған газ 10 күндей болмайтынын айтты. Өйткені газ қала бойынша жоқ.
 – КСК-ға қоңырау шалғанымда қалада газ жоқ деп, жақын уақытта болмайтынын айтты.
– Газ болмайды деп ескерткен де жоқ. Көршілерімнен  білдім. 10 күнге ажыратып тастапты.

Петропавлдағы тағы 59 үйдің тұрғындары дәл осындай күй кешуде. “Горгаз сервис” ЖШС директорының орынбасары Олег Любавин күн санап олардың қатары артып келетінін айтады. Өйткені  газгольдерлерді толтыратын көгілдір отын жоқ. Жергілікті газ жеткізушілер бар кінәні өздерінен жоғары жаққа артуда.

  Олег Любавин, “Горгаз-Сервис” ЖШС директорының орынбасары:
 – Сұйытылған  газды Шымкент, Павлодар  және «Теңіз- Шевроил»  зауыттары шығарады. Олар өнімді сыртқа тасымалдауға мүдделі. Өйткені  газдың экспорттағы құны ішкі бағадан әлдеқайда жоғары.

Яғни  мұнай өңдеуші зауыттар сыртқы нарыққа басымдық беріп, ішкі сұраныс қанағаттандырылмай отыр. Осылайша бұл мәселе тек Петропавлды ғана емес, барлық өңірлерді де шарпыған. Қазір Мұнай және газ министрлігі мәселені өңірлердегі газ шаруашылығы басшыларымен бірлесіп шешуде. Ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін  арнайы квота бөлінуі тиіс. Мысалы, бір ғана Петропавлға ай сайын 400 тонна сұйытылған газ қажет.

  Олег Любавин, “Горгаз-Сервис” ЖШС директорының орынбасары:
 -Газдың ең жақын партиясы облысқа қазанның 8-9-ы шамасында жетеді. Оның өзі тек 217 тонна.

“Горгаз-Сервистің” мамандары бұл мәселемен бұрыннан жақсы таныс. Жеткізушілер бекітетін баға да тұрақсыз. Осылайша, өңір алдағы қысқа дайын емес. Ал аязды күндері газголдьдерлер кемінде 60 пайызға толып тұруы тиіс. Олай болмайынша, барлық жүйені қысыммен қайта тексеру қажет.  

 Гүлмира Шоқтыбаева