Білім

Махамбет оқуларында үздік ондыққа енді

 

 

 

Әр сөзге жан бітіріп, рухтана оқыған өлеңі мен Махамбет сияқты батырға лайық бейнесі үшін Естай Нұртаев 53 оқушының ішінен ерекшеленді. Ол жаттап барған 72 өлеңінің онын  қазылар алқасы алдында   мүдірмей орындап шыққан. Бірақ жүлде бұйырмағаны үшін Естай еш өкінбейді. Ол Айыртау ауданы  Шалқар орта мектебінің 7 сынып оқушысы. Сондықтан бар жеңістерім әлі алда дейді өзі.

  Естай Нұртаев, сайыс жүлдегері:
– Балалық шақтан өлең оқуға құштарлығым көп болды. Оны байқаған мұғалімдерім мені дайындады. Атырау қаласында мен секілді дарынды балалардың өнерлерін тамашалап, үлкен әсер алдым.

Ал Ұлжан Мұсабекова болса «Ұлы арман» номинациясы бойынша Махамбеттің 10 күйінің бесеуін дайындап барған екен. Алғашқы үлкен сында қаймықпай өнер көрсетуге атамның өзіме арнап жасатқан қасиетті қара домбырасы дем берді дейді Ұлжан.


  Ұлжан Мұсабекова, сайыс жүлдегері:
 -9 жастан бастап өнер мектебіне барып жүрмін. Ұстаздарым Данагүл Жұмабеккызы, Жұмабек Шәкенұлы. Осындай дәрежеге жетуіме атамның домбырасы көмектесті деп ойлаймын.

 Сайыстың 3-ші  номинациясы –  өзі шығарған өлеңдерін таныстыру. Бұл сынға Аққайың ауданының  ақын қызы Балжан Бекмағамбетова жаз бойы дайындалыпты. «Махамббетке арнауын» шабыт қанатында отырып жазған.

 
  Балжан Бекмағамбетова, сайыс жүлдегері:
– Сайысқа барғанда алдыма бір мақсат қойып барған жоқпын. Өнерімді ұштауға бардым.Өзім сияқты жас ақындардың өнерлерін көрдім.

  

 

Кәусар Аяпбергенқызы