Kurultai banner mobile

Мәдениет

Гастрольдік сапар

42 жылдық тарихы бар ансамбльдің  репертуарында  эстрадалық, әскери-патриоттық  шығармалармен қатар  халық әндері де көп. Бұл  дәстүрлі гастроль барысында  өнер ұжымы еліміздің барлық әскери оқу орындарын аралап шықпақшы. Мақсатымыз – әскери қызметті насихаттау, курсанттарды патриоттыққа тәрбиелеу дейді ансамбльдің жетекшісі Әнуарбек Қуаныш. Петропавл жоғары әскери институтының курсанттары арасында да кешқұрым бос уақытта домбыра, гитара шертіп, ән салатын өнерлі жігіттер аз емес.  Әсіресе осындай жастар үшін бүгінгі концерт қуанышты оқиға болды.