Мәдениет

Қуыршақ театрында жаңа маусым басталды

 

 

 

 

 

Бүгін  «Гав» есімді кішкентай мысық»  спектаклінің премьерасы. Қойылым театрдың 21-ші маусымының шымылдығын ашты. Григорий Остордың пьессасы бойынша қойылған туындыны театр ұжымы мамыр айынан бері дайындаған. Тәрбиелік мағынасы мол спектакльді 4 кейіпкер сомдайды. Басты рөлде кішкентай мысық.

  Олег Сутулов, режиссер:
 -Меніңше бұл қойылым кішкентай көрермендермен бірге ересектерге де пайдалы. Себебі спектакль кешірімді болуға, достықты бағалауға үйретеді.

Айгүл Хасенова бұның алдында “Қаңбақ шал” ертегісінде жағымсыз кейіпкер – түлкінің рөлін сомдаған болатын. Бүгін бүлдіршіндер әртісті басқа қырынан таныды. Өте мейірімді кішкентай мысықты ойнаған өнер иесі балдырғандардың көңілін бірден баурап алды.

  Айгүл Хасенова, облыстық қуыршақ театрының әртісі:
-Спектакль кішкентай мысық пен күшіктің ересектер өміріне аяқ басуы туралы. Онда олар көп түсініксіз жағдайлар мен тығырықтарға тап болады.  Жалпы менің бүгінгі кейіпкерім өзіме қатты ұнады.

Күшік пен кішкентай мысықтың тату, достық қарым-қатынасына куә болған балдырғандар қойылым кейіпкерлерінен үлкен үлгі алған.

Балалар:
 -Маған кішкентай мысық өте ұнады. Ол өзінің жақсы дос екенін көрсетті. Күшікке көп көмектесті.
 -Маған ертегі ұнады. Мысық күшікке жақсы көмектесті.

Гүлден Сәрсенбаева