Спорт

“Қызылжардың” жеңісі

 

 
 

 

 

Ойын басталысымен “Ақ бұлақ” командасы жергілікті құрамаға бірден  шабуылдар жасай бастады. Қонақтар “Қызылжардың” қақпасын торуылдап, бар мүмкіндікті пайдаланып, гол соғуға тырысты. Міне, қарсыластырға оңтайлы сәт те туды, алайда жерлестеріміздің бағына қарай доп қисық ұшты. Қауіпті голдан аман қалған “Қызылжар” ойын тізгінін өз қолына алып, ойыншы Богданов Станислав есепті ашты. Алайда нәтижелі ойынды жерлестерімізге 40-шы нөмірлі футболшы Ильдар Аитов көрсетті. Спортшы бірінші таймның соңына дейін тағы бір гол соқты. Келесі кезеңде қарсыластар айлаларын асырып, есепті теңестіруге талпынды. Дегенмен, талғарлықтардың бұл әрекеті еш нәтиже бермеді. Жарыс “Қызылжар” командасының әдемі жеңісімен аяқталды. Екінші таймда Ильдар командасына тағы бір ұпай қосты. Петропавлдықтар 3:0 есебімен “Ақ бұлақ” құрамасын таза жеңіп шықты.
 

Ильдар Аитов, “Қызылжар” командасының жартылай қорғаушысы:
 -Меніңше ойын жақсы өтті. Команда бірлесіп жұмыс атқарды. Жалпы осы жыл біздің құрама үшін өте жемісті.


Енді біздің футболшылар Қарағанды қаласының “Гефест” командасымен кездеседі.

Гүлден Сәрсенбаева