Әр түрлі

Ресей пездарында жоғарғы орындар арзандайды

 

 

 

 

 
Ресей поездарының купе салоны 24 200 теңгені құрайды. Ал егер де жоғарыда аталған жеңілдік енгізілетін болса, үстіңгі орындар 12 200 теңгеге сатылатын болады. Жалпы 50 пайызбен арзандатып сату жүйесі жол ақшасын үнемдеуге жақсы. Себебі, плацкарттың өзіне төленетін билеттің құны  11 000 теңге шамасында.

  Ольга Жепко, Петропавл станциясы теміржол вокзалы билет кассасының меңгерушісі:
 -Билетке деген жеңілдіктер жолаушылардың санын арттыру мақсатында жасалып отыр. Атап өту керек, бұл тек Ресей поездарына ғана қатысты. Ондай өзгерістер жергілікті 16-шы Петропавл-Алматы және Калининград поездарына жүрмейді.

Жолаушыларға жасалған жеңілдік жыл соңына дейін өз күшінде болмақ. Сапарға жиі шығатындар мұндай жағымды хабарға оң бағаларын берді.

Жолаушылар:

-Жақсы қараймын. Арзан.
-Ыңғайсыз жерде билеттің арзанырақ болғаны жақсы.

Гүлден Сәрсенбаева