Құқық қорғау органдары

Тазалық акциясы

Қала тазалығын сақтауда коммуналдық қызметтердің жұмысы, әрине, айрықша. Бірақ бұл ретте пәтер иелерінің де үлесі сезілуі керек.

Тұрғындар қала тазалығына немқұрайлы болмауы тиіс. Әзірге темекі шегушілерді қоқыс жәшіктеріне үйретудің өзі қиын. Бұл жолы темекі тұқылын кез-келген жерге лақтыратындармен полицейлер кездесті.

 

Петропавл қалалық ІІБ полицейлері қалалық әкімдік өкілдерімен, санитар мамандармен бірлесіп, тазалық сақтауға бағытталған бұндай рейдтерді күнделікті жүргізеді. Жұмыс нәтижесі бар. Базарлардың әкімшілігі маңайларын таза ұстамаса, әкімшілік жауапқа тартылатындарын біледі. Полицейлер жасөспірімдерден бастап, тұрақты мекен-жайлары жоқ тұлғаларға дейін қала көшелерін ластамауға шақырады. Тәртіп сақшылары елдi мекендердің аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу фактілерін анықтауға бағытталған бұндай рейдтік шараларды облыс орталығының барлық аудандарында өткізбекші.

Әсем Сембина