МТРА жаңалықтары

Салық заңнамасындағы өзгерістер



 

Кеден Одағының артықшылығын қазақстандықтар бүгінде бағалап үлгерді. Енді Ресей мен Белорусь елдерінен өз қажеттілігің үшін қандай бағамен болсын және кез-келген көлемде тауар әкелуіңе болады. Десек те, бір шарт бар. Егер жеке тұлға тауарды кәсіпкерлік мақсатта қолданатын болса,   қосымша құн салығын төлеуі тиіс. Шекарадан салық төлемей өткізіп алып, кейін тауарды сатып жібергені анықталса, айыппұл салынады.

  Жібек Клюкова,  СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бас маманы:
-30 күннің ішінде жанама салық төленбесе, жеке тұлғаларға 14 130 теңге айыппұл салынады. Егер 30 күннен асып кетсе, 28 260 теңге айыппұл төлейді.

Ал көлік құралдарын әкелетін азаматтар қосымша құн салығын төлеушілер болып міндетті түрде тіркеуге алынады. Олар салық органына өтініш пен декларация тапсырулары тиіс.

Жібек Клюкова,  СҚО бойынша салық департаментінің салықтық заңнамаларды түсіндіру басқармасының бас маманы:
-Көлік құралдарын импорттап әкелген жағдайда  өтініш тапсырулары тиіс.
Бұл растайтын құжат болып табылады. 328 формада тапсыру керек. Өтінішпен бірге декларация болуы шарт. Құжаттар келесі айдың 20-нан кешіктірілмеуі тиіс.

Айта кету керек, Кеден Одағы жұмысын бастағалы алғашқы заңбұзушылықтар тіркеліп үлгеріпті. Декларация тапсырмаған үш тұлға 113 мың теңге көлемінде айыппұл төлесе, төрт іс бүгінгі күні қаралып жатыр.

Айымгүл Әбілева