Әр түрлі

Облыс делегациясы жолға әзірленуде

 

 

 

 

 Қазақстан халқы Ассамблеясы өткен 16 жылдың ішінде өзімізге де, өзгеге де ұлттар мен ұлыстар достығының ұйытқысына айналған ұйым ретінде танылды. Бірлік пен татулықтың лабораториясы атанды. Қазақстанның бұл жобасын өзге елдер өздеріне үлгі етті. Қазақстан бұл жетістіктерге ұлттардың бір-біріне деген сенімін, ашықтығын сақтап, салт-дәстүрлерін ұстана отырып жетті.

Сондықтан  Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында өткізілгелі отырған сессия ассамблеяның алдағы жұмысына біраз бағдар бермек. Ал қазақтың салт-дәстүрін әлемге танытуды мақсат тұтқан «Ұрпақ» орталығының басшысы Сағындық Салмұрзин Қазақстанның өзге елдерге көрсетер мұрасы мол екендігін айтады.  “Ұрпақ” орталығының 300-ге тарта мүшесі бар. Сан ұлт өкілдері бас қосқан қоғамдық бірлестік алдағы уақытта қазақстандық туризмнің дамуына соны серпін беруді мақсат тұтып отыр. “Қамбар ата” сияқты жылқы шаруашылығын, қазақтың сәйгүліктерін насихаттайтын жобаны жүзеге асыру да жоспарда бар.

 Әсем Сембина