Балалар

Балаларға базарлық

Интернат тәрбиеленушілерінің барлығы өз мүмкіндіктеріне қарай спортпен айналысады. Қазір мұндағы 98 жарымжан баланың әрқайсысының қызығушылығы ескерілген. Үстел теннисі, волейбол, футбол, баскетбол, бадминтон, жеңіл атлетика, шаңғы, коньки сияқты спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істейді. Тіпті кейбір дарындылары қалалық жарыстардан бастап, әлемдік Спешиал олимпикс мүгедектер спартакиадасында спорттық қабілеттерін көрсетіп жүр. Енді бұл үйірмелерге тағы бірі қосылмақ. Қамқорлық айлығы аясында бүлдіршіндерге гимнастика жабдықтары мен велосипед сыйға тартылды. Мүгедек балалар өздеріне жасалып жатқан қамқорлыққа риза. Осылайша жеткіншектер қоғамнан бөлінбей, өздерінің қажеттілігін түсінеді дейді интернат қызметкерлері

 Базарбек Қалиев, Петропавл қалалық балалар психоневрологиялық интернат-үйінің қызметкері:
-Мүгедек балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлық оларға жігер, күш береді. Біздің балалардың, қызметкерлердің атынан рақметімді айтамын.

Бұл базарлықтар  жомарт кәсіпкерлер берген және қайырымдылық сенбілігінен жиналған қаражатқа алыныпты.

 Григорий Кухарь, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Бізде мүгедектердің 16 қоғамдық бірлестігі мен интернаттары бар. Әрбіріне 50 мың теңгеге қажетті заттарды алып беруді шештік. Айлық аясында ешбірі де ұмыт қалмайды.

Сондай-ақ ай бойы мәдени шаралар да өткізіліп жатыр. Мүгедектер мен қариялар қаламыздың көрікті, мәдени орындарына саяхат жасап, концерттерге шақырылуда

Жеңіс Ермұқанов