Құқық қорғау органдары

«Қару» шарасы аяқталды

 

 

 

Тәртіп сақшылары қарумен жасалатын қылмыстардың жолын кесу үшін арнайы жедел шараларды жиі өткізіп тұрады. «Қару» операциясы аясында облыс және қала полицейлері, сонымен қатар барлық аудандық ішкі істер органдары тіркеуде тұрған 11 129 қару иесін тексерді. Нәтижесінде қаруды сақтау,  ұстау, тасымалдау ережесін бұзған 334 факті тіркелді.  Заң бұзушылардың дені қару-жарақты рұқсатсыз сақтаған. Сөйтіп, 47 тегіс ұңғылы мылтық, 9 шолақ мылтық, 4 газ  қаруы және 1 травматикалық тапанша тәркіленді.

Ақылбек Бисембаев, СҚО ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бөлімінің бастығы:
– Тәртіп сақшылары операция барысында аңшыларды, қару иелерін мекенжайлары бойынша аралап, қаруды сақтау, тасымалдау және тіркеу ережелерін ұстануды тексерді.  

Бұл операция кезінде Айыртау мен Ғ.Мүсірепов аудандарының тәртіп сақшылары жақсы жұмыс атқарды. Олар рұқсатсыз қолданыста жүрген 15 суық қаруды анықтаған.
Осымен  «Қару» жедел алдын алу операциясы аяқталды. Дегенмен, заңсыз сақтауда жатқан қаруларды тәркілеу жұмысы күнделікті жүргізілмек.

Гүлден Сәрсенбаева