Билік

«Нұр Отанда» еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

 

 

Бүгінде облыста 90 мыңнан аса зейнеткерлер мен 22 мың мүгедек бар.Оларлың  төрт мыңнан астамы жалғызілікті .  Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында осындай адамдардың әрқайсысына көңіл бөлінуде. Түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кәсіпкерлердің көмегімен 54 мың зейнеткерге 68 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау жасалды.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 – Сіздердің әрқайсыларыңыз аймақтың, елдің дамуына еңбек етіп, айтарлықтай үлес қостыңыздар. Сіздердің ақыл-парасаттарыңыз, мол тәжірибелеріңіз жас ұрпаққа үлгі болады.

Облыс әкімі ұзақ жылдар сылақшы болып еңбек еткен   Социалистік Еңбек Ері, облыстың Құрметті азаматы Хайнижамал Мусинаны 70 жылдығымен құттықтап, Құрмет грамотасы мен жергілікті суретшілер картинасын табыс етті. Әріптестері  оның еңбекқорлығын естеріне алды.

  Николай Деркач, еңбек ардагері: 

-Қаланың ортасында тұрған облыстық мәслихат ғимаратының қабырғасын Хайнижамал Мусина сылады. Пушкин көшесіндегі кітапхана, Осипенко көшесіндегі 9 қабатты үйдің қабырғасында осы адамның қолының ізі жатыр. Әрі Хайнижамал Оспанқызы жастарды құрылысқа баулыды.

 
Бұл күні 63 жасқа толған “Северный Қазахстан” баспасының басшысы Иван Моорға да құрмет көрсетілді. Қазақстанның Құрметті журналисі ұзақ жылдардан бері баспасөз саласында аянбай еңбек етіп келеді. Бірнеше толқын журналистерді тәрбиелеп шығарған. Бүгінде облыстағы 3 газетке басшылық етеді. Ал еңбек жолын Қызылжар аудандық “Маяк” газетінен бастаған.
 

 Валерий Мерцалов,  “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі:

-Ол жауапты хатшы болғанда, газетіміз түрленіп сала берді. Ал газетті түрлендіру кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Оны осы саланың әр адамы біледі.

  Назгүл Сүлейменова, облыстық “Северный Казахстан” газетінің шеф-редакторы:

-Иван Ивановичтің қарамағында жұмыс істеу арқылы көп тәжірибе жинадым. Жалпы еңбекте осы адамның арқасында жолым болды деп айта аламын.

Бұдан кейін облыс әкімі қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсетіп келе жатқан бірлестіктер мен ұйымдар басшыларын алғыс хаттармен марапаттады.  Ал мектеп оқушылары аға ұрпақ өкілдеріне әннен шашу шашты.

 Әсем Сембина