Спорт

Құтқарушылар арасындағы спартакиада

 

 

 

Салауатты өмір салтын ұстану құтқарушылар үшін өте маңызды. Сондықтан олар кәсіби мерекелерінде жыл сайын спорттық жарыстар өткізіп тұрады. Бұл жолы спорт алаңына өрт сөндірушілер, судан, апаттан құтқарушылардың құрамалары шықты. Сайыскерлер бірінші болып өз мүмкіндіктерін шағын футболдан сынап көрді.

  Евгений Обухов,  СҚО ТЖД апаттық құтқару қызметі бөлімінің бастығы:
 – Спартакиаданы мерекеге орай ұйымдастырып отырмыз. Жарыс шағын футбол мен волейболдан өтеді. 5 команда күш сынасатын болады. Бұл жыл сайынғы дәстүрлі шара.

Әсет Сердалин өрт сөндіру қызметінде кезекшілік ауысымының жетекшісі. Аға лейтенант тілсіз жаумен күресу үшін әрдайым денеңді шынықтырып отыру қажет дейді. Сондықтан спорттық сайыстардан қалыс қалмауға тырысады.


  Әсет Сердалин,  МЖ 3-ші МӨСБ аға инженері:
 – Мен сайысқа өрт сөндірушілер атынан келіп отырмын. Біздің жұмыс әрдайым спортпен айналысуды қажет етеді. Сондықтан осындай жарыстар жиі өткізіле берсін деймін.
Баршасына сәттілік тілеймін.

Шағын футболдан соңғы кездесу қазанның 8-не жоспарланған. Ал келесі спартакиадада құтқарушылар волейболдан күш сынасады.

Гүлден Сәрсенбаева