Спорт

Петропавлда шахматтан ардагерлер арасында біріншілік басталды

 

 

 

 

 Жарысқа жиналғандар – ала тақта ойынының шеберлері. Сайыскерлер ойлау қабілетін қажет ететін спорт түрімен бірнеше жылдан бері айналысып жүр. 32 жыл ішінде шахмат-дойбы клубында зияткер-спортшылар ұжымы құрылған.

  Досан Мұқанов, шахмат-дойбы клубының ардагері:
-Бізге клуб бергендеріне ризамын. Мұнда жиі келіп тұрамыз. Уақытымыз жақсы өтеді. Менің патшалар ойынымен әуестеніп жүргеніме 47 жыл.

“Жол картасы” бағдарламасы аясында клубты жөндеуге 14 млн теңгеден аса қаражат құйылған. Жылу жүйесі өзгертіліп, еден, терезе, шатыр, киімжай қалпына келтірілді. Енді  ғимарат ішінде бұрынғы дүкендер жоқ. Нысан толығымен шахмат-дойбы сүйер қауымға және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің пайдалануына берілді.

  Михаил Дедов, «Барс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
-Біздің ғимараттың толық жөндеуден өтпегеніне 28 жылдың жүзі болып қалыпты. Шахмат-дойбы клубы мен «Барс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кеңселер бөлігі түгел жаңартылды. Нысан жаңа әр алды. Енді қала орталығы үшін еш ұялмайсың.

Клубтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұржан Әшімбетов қатысты. Ол қалалық шахмат федерациясының атынан ойыншыларға 10 шахмат мүсіндер жинағы мен сағаттарды сыйға тартты. Кішігірім концерттен соң турнир де басталды. Бірінші болып жүру құрметі Петропавл әкіміне берілді. Айта кету керек, Нұржан Әшімбетов қалалық шахмат федерациясының президенті.  Шахмат жарысы 3 күнге  жоспарланған. Ал жеңімпаздар есімі бейсенбі күні белгілі болмақ.

Гүлден Сәрсенбаева