Әр түрлі

Күзгі әскерге шақыру басталды

 

 

 

Бұл жолы әскери қызметке алдымен шақыру мерзімі бойынша ересектер алынбақшы. Оқуға байланысты Отан алдындағы борыштарын өтеу мерзімі шегерілген бозбалалар енді Қазақстан әскерінің құрамында қызмет ететін болады. Алдымен Қарулы күштер үшін әскери-техникалық мектеп түлектері мен жоғары білімдері бар бозбалалардан құрылған топтар жасақталады. Күзгі шақырылымда облыста 700-ден аса бозбала әскер қатарына алынып, олардың 300-і Қазақстан Қарулы күштерінің құрамын толықтырады.

  Асқар Қажымов, СҚО бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:   

-Бозбалалардың денсаулықтары жақсы. Әскер қатарына өтуге өтініш білдірушілердің қатары өскен. Әрқайсысы Отан қорғау жолындағы өздерінің конституциялық борыштарын өтегілері келеді. Сондай-ақ  әскери қызметтің мемлекеттік қызметке, күш құрылымдарына жұмысқа тұруда көмегі мол.

Әскери қызметке қабылдау кезінде бозбалалардың білімдері мен олардың алған мамандықтарына, физикалық даярлықтарына , отбасы жағдайларына да көңіл бөлінеді. Арнайы тестілер арқылы әскерге шақырылушылардың психологиялық жағдайлары да тексеріледі. Бозбалалар  баратын әскери бөлімдер анықталады.  

 

Жігіттер :

-Әскерге барғым келеді. Өйткені бұл менің азаматтық борышым.  
– Әр азамат әскери қызметті көруі керек. Отанды қорғау – әр азаматтың міндеті.
 

 

Әсем Сембина