Билік

Білім беру саласындағы жемқорлықпен күрес

 

 

 
 

 Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мәлімдеуінше,  өңіріміздің білім жүйесінде өзге салаларға қарағанда көз қысты, бармақ бастылық фактілері жиірек кездесетін көрінеді. Сондықтан әлеуметтік дерттен арылуға  бағытталған шаралар күшейтіліп, түрлі үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тіпті ғаламторда да арнайы беттер ашылды. Десе де нәтиже көңіл көншітерлік емес.

 Гүлнар Халықова,  “Нұр Отан ХДП СҚОФ жанындағы жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің мүшесі:
-Өткен жылы білім саласының 42 қызметкері тәртіптік кеңеске шақыртылып жауапкершілікке тартылды. Биылғы жылдың 6 айында ғана қызметін асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол бергендер  саны – 38,  4 қылмыстық іс қозғалып,  3 адам бас бостандығынан айрылды.

Қоғамдық кеңес өкілдері заңды бұзып, тәртіптік  кеңесте ісі қаралған мемлекеттік қызметшілердің көбі түзелуді ойламайды дейді. Кейбіреулері қателіктері үшін бірнеше мәрте жауапқа тартылған.

  Екпін Әбиев, “Нұр Отан ХДП СҚОФ жанындағы жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– Өткен жылы жемқорлыққа жол беріп, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар сабақ алмай, заңсыз әрекеттерін жалғастыруларын қоймай отыр. Ондайлардан неге құтылмаймыз.

Темірғали Әбілмәжінов, СҚО білім басқармасының бастығы:
-Қазіргі таңда бізде аудандарда білім саласын басқаратын адамдар жоқ. Бұл мәселені шешу керек.

Сондықтан да болар қажеттіліктерін түсініп, ескертуге құлақ аспай, арам істерін жалғастырып жүргендердің қатары қалың.

Жеңіс Ермұқанов