Билік

Нан бағасы 45 теңгеден аспайды

 

 

 

“Азық түлік-келісім шарт корпорациясы” арқылы тұрақтандыру қорына жиналған астық жеңілдетілген бағамен диірмендерге берілетін болады. Өз кезегінде “Деметра” және “Дез” серіктестіктері мемлекеттік қордан бөлінген бидайды үгіп, бірінші сұрыпты ұнның келісін 45 теңгеге өткізуге келісім беріп отыр. Нәтижесінде 550 граммдық нан пісіретін наубайханалар үшін оның бөлкесі 35 теңгеден айналады. Қазіргі уақытта облыс орталығында Петропавл нан-тоқаш комбинатынан өзге 10 жеке меншік кәсіпорын  нан пісіреді.  Олар күнделікті шығаратын 7-8 тонна өнім қала тұрғындарының 30 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала басшылығы осылайша, нан бағасы қайта тұрақтайтынын мәлімдеп отыр.

Нұржан Әшімбетов,  Петропавл қаласының әкімі:
– Келісімге отырдық. Біз бидай беріп, диірмендер бірінші сортты ұн беріп, олар 35 теңгеден өткізіп, нанның бағасы дүкендерде 40 теңгеден сатылады. Жыл соңына дейін ұстаймыз. Тұрғындарға айтарымыз, шағын кәсіпорындармен келісімдерге отырдық. Нан бағасы 45 теңгеден аспайды.
 

Естеріңізге сала кетейік, қазанның төртінде Петропавл нан-тоқаш комбинаты өз өнімінің бағасын 5 теңгеге қымбаттатып,  бөлкенің құны 47 теңгеге жеткен болатын. Сондай-ақ, қазіргі таңда облыс орталығында азық-түлік өнімдері мен көкөніс бағасының негізсіз өсуін болдырмау бағытында тұрақты түрде штаб жұмыс істейді. Облыс орталығындағы 11 базардың басшылығымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасалды.
 

 

Гүлмира Шоқтыбаева