Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз қала” акциясы

 

 

 

 

 

Мас күйінде рөлге отырған 26 жүргізуші тоқтатылды. Солардың бірі тіпті өздігінен аяғын баса алмайтындай халде удай мас. Ащы суға тойып,  есінен айырылған жігітті тәртіп сақшылары уақытында ұстады. Оның қанша жанның өміріне қауіп төніргенін ойлаудың өзі қорқынышты. Облыстық наркология орталығына жеткізілген 51 жастағы жүргізушінің ащы суға тойып алғандығы соншалық,  не айтып, не қойғанын білмей сандырақтады. Міне осындай жәйттердің толастамауынан облыс жолдарындағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған рейдтер жиілей түсті. Рейдтік шараларға “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері де атсалысты .

 

Болат Дүйсенов, СҚО ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары:
-Рейдтік шаралардың үш күні ішінде облысымыздың жол полицейлері жолда жүру ережесін бұзудың 935 фактісін анықтады . Оның 26-сы рөлге мас күйінде отырғандар. Негізінен  жылдамдықты асыра жүру, жолдың қарсы бағытына шығып кету, жол қиылыстарын өту ережесін бұзу.

  Жолда жүру ережесін өрескел бұзғандарды тәртіпке шақыратын бұл шара қазанның 8-не дейін жалғасады.

 Жеңіс Ермұқанов