Спорт

Карате-додан облыстың ашық турнирі

 

 

 

 Белдерін ақ, қара, белбеумен буған  6 мен 17 жас аралығындағы жастар бұл спортта өздерін әлі танытып үлгермеген, бірақ әрбірі келешектерінен зор үміт күттіреді. Былтыр өткен біріншілікте біздің құрама 4-ші орынға тұрақтапты. Мұның өзі қуантарлық нәтиже, биыл ол биігімізден таймасақ дейді мұндағылар.

Асхат Сақыпкереев,  СҚО Карате федерациясының президенті:

-2 айдай тренировкаға қатысты, балалардың дайындықтары жақсы деп ойлаймын. Бізде баратын бала көп емес, толық саны 25-30 адам болу керек. Маңғыстау, ОҚО бір жарым құрама әкеледі. Олармен күш сынасу қиын.

Алдымен каратедошылар әдемі, анық қозғалыстарын паш еткен ката жаттығулары бойынша өнер көрсетті. Классикалық гимназияның оқушысы Олжас Құсайынов бұл сында өзінің ең жақын досынан ұтылып,   2-ші орынды қанағат тұтты.

  Олжас Құсайынов,  сайысқа қатысушы:
Мен бұл спортқа өзімді қорғауды, басқа балаларды, мүмкін, көшеде жүргенде бір қызға жамандар тисе, қорғау  үшін келдім. Келесі жылы ақпанда Түркістанда ҚР чемпионаты болады. Сонда жақсы орын алғым келеді.

Турнирдің ең жас қатысушылары да бір-біріне дес бермей, қолдауға келген жақындарының алдында бар білгендерін ортаға салды. Ал өңірімізге алғаш рет келіп отырған ресейлік қонақтар өз күштеріне сенетіндерін көрсетті.

  Максим Ермаков, сайысқа қатысушы:
Мен каратемен 3 жыл айналысып келемін. Ресейде көп сайыстарға қатысып, жеңістерге жеттім. Петропавлдан да тек жеңіспен ораламын деп үміттенемін.

Сайыс нәтижесі бойынша күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі топ жарды. Жекелей есепте ката мен кумите жаттығулары бойынша Серік Ережепов, Ольга Кожемякина және Рамиль Ахметшин жеңіс тұғырына көтерілді.

 

 Кәусар Аяпбергенқызы