Әр түрлі

Зейнеткер әлі де қатарда

 

 

 

 

 

Сұраған Көпеевтің жұмыс өтілі 32 жыл. Саналы ғұмырының жартысына жуығын ІІД-де адал еңбек етуге арнады. Ал қазір ол осы саланың ардагерлер кеңесіне төрағалық етеді. Биыл ақсақалдың жасы 75-ке қарады. Осыдан тура 23 жыл бұрын Сұраған аға құрметті еңбек демалысына шыққан болатын. Бірақ ол әлі зейнеткер емес, әдеттегі қызмет бабындағы адам. Бүгін де Сұраған Мырзахметұлы күндегідей жұмыстан шаршап, бірақ көңілді оралды. Бұл қызметке Сұраған аға, өзі айтпақшы, тағдырдың жетегімен келген екен.

  Сұраған Көпеев, СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы:
ен ішкі істерге ойламаған жерден келдім. Мамандығым бойынша құрылысшымын. Разнарядка бойынша барып қызмет істеп жүрген жерімнен қалаға ауыстырып, одан соң осы ішкі істерге барасың ба деді. Сосын барайын дедім.

Сұраған ағаның бір кездегі қызметтік киімі қазір құрметті орында ілініп тұр. Онда қадалған әр төсбелгі бірнеше жылғы маңдай тер мен ерен еңбектің куәсіндей. Ортаазиялық әскери округте танк командирі болып, азаматтық борышын өтегеннен кейін  Петропавл педагогика институтын тәмамдайды. Мамлют ауданында прораб болып жұмыс істейді. Бұдан кейінгі қарияның еңбек жолы құқық қорғау органдарында жалғасады.

Сұраған Көпеев, СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Демалысқа шығып, үйде отырған жоқпын. Қалада өрт сөндіру жағынан бір отряд болып, сонда отряд бастығы болып істедім. Енді үйде отырып не бітірем, денсаулығым болды.Жігіттер шақырды, не істейсіз үйде отырып деп.

Соңғы 5 жылда Сұраған Көпеев ішкі істердегі ақсақалдар кеңесін басқарып келеді. Мұндай батыл шешімді қабылдауға   жары Фаина Көпеева түрткі болыпты.

  Фаина Көпеева, ардагердің жары:
ұл кісінің қызмет істеуіне себепкер болғаным, бұл кісі көпшіл адам. Үйге сыймайды, далада жолдастарымен қарым-қатынас жасағанын тәуір көреді.  

52 жыл отасқан Көпеевтердің  басты бақыты мен байлығы 3 бала, 6 немере және 1 шөбересі. Әке жолын қуған 2 ұл қазірде өздері қалаған биікке жетіп, ата-ана үмітін ақтады.  Жұмыстан бос уақытта да Сұраған Мырзахметұлы қол қусырып отыруды білмейді екен. Қолы қалт ете қалса саяжайда көкөніс баптауды ермек етеді. Алайда өзінің басты міндеті кейінгі ұрпаққа ағалық үлгі-өнеге көрсету деп біледі қария.

 

Кәусар Аяпбергенқызы