Мәдениет

Петропавлға фантаст-жазушы Жүніс Сахиев келді

 

 

 

 Бүгінгі таңда фантастикалық шығармаларды сүйіп оқитындардың қатары қалың. Ал бұл жанрда қалам тербеушілер саны саусақпен санарлықтай. Осы ретте  солтүстікқазақстандық оқырмандардың жолы болып,  бүгінде 76 ғылыми-фантастикалық роман мен 300-ге жуық ғылыми-танымдық мақаланың авторы Жүніс Сахиевпен танысты.
Әңгіме тетігі ағытылған сайын қаламгердің жазушылықтан басқа жаңа қырлары таныла бастады. Оның аспан әлеміне деген қызығушылығы ғылыми жаңалықтар ашуға түрткі болып, еңбектерінің басым көпшілігінің өзегіне айналған. Жазушының «Кеңістік көшпенділері» сериясындағы  романдарының ішінде «Марстан шыққан жаңғырық! , «Космотарих куәсі» деген қызықты атауларға ие романдар бар.

  Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
Кешегі Оңтүстіктен шыққан қазақтың қара баласы бүгінде жұлдыздарды зерттеп, өзінің қаражатына телескоп алып отыр. Бір жағынан қаламы қолынан түспесе, екінші жағынан телескоп алып, басқа ғалымдармен, ғарышкерлермен байланысы бар екен.

Мұқтар Әуезовтың әңгімесін тыңдап, Тоқтар Әубәкіровпен сұқбаттасқан жазушы еңбектерін халыққа өзі таныстырып жүр. Автор көптеген жинақтарының жергілікті кітапхана сөрелерінен табылғанына риза.

  Жүніс Сахиев,  фантастжазушы, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты:
лімізде қазір ғылыми-фантастикалық жанрда жазу азайыңқырап бара жатыр. Оның ішінде кітаптардың таралымының азайғаны бар. Сол кітаптардың оқырманға жету жағдайын көру, осы мақсатта келіп отырмыз.

 Жазушы алда өз еңбектерінің негізінде көркем фильм түсіруді жоспарлаған. Ал әзірге кітаптарының үздіксіз жарыққа шығып жатқанына қуанышты. Соңғы шыққан еңбектерінің біразын мейман  кітапханаға сыйлады.  

 Кәусар Аяпбергенқызы