Әр түрлі

Кеден қызметіндегі мемлекеттік тілдің жай-күйі туралы семинар



 

Мұндай семинар кеденшілер арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Ал іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстарының қолға алынғанына бірталай уақыт болып қалыпты. Жұмыс жемісін беріп, кеденшілердің арасында тілді жақсы білетіндердің қатары молая бастаған.

  Гүлнар Бекболатова,  СҚО бойынша кедендік бақылау департаменті кадр бөлімінің бастығы:
– Жасыратыны жоқ, бізде орыс тілділер ғана емес, қазақтар да дұрыс біле қоймайды. Бізде бағдарлама бойынша топтар құрылған, бастаңғы топтар, тереңдеу білім алатын топтар бар.
Былтырғыға қарағанда прогресс бар деуге болады. Себебі көбінде ынта бар.

Семинар барысында қатысушылар қызметте мол септігі тиетін, бірақ өздері аса жүгіне бермейтін сөздіктердің пайдасын түсінгендей болды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманы да соған қатысты жиі кездесетін бірқатар қателіктерді атап өтті. Тілді әркім өз қабілетіне қарай үйренуде. Ең алдымен адамның бойында тілді үйренуге деген құштарлық пен талпыныс болуы керек дейді мамандар.

 Әсемгүл Исина, СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы:
-Мақсатымыз – кеден қызметіндегі мемлекеттік тілдің жай-күйін талдап, осыған байланысты мәселелерді талқылау. Іс қағаздарын жүргізудегі біртекті қателерге назар аударып, келешекте оларды қайталамаудың жолдарын қарастыру.

Биылғы жылдан бастап Қазақстан Кеден одағына мүше болды. Осындай мемлекет үшін жауапты сәтте қазақ тілін жетік білудің маңызы зор. Кеденшілер бұл міндетті жақсы түсінеміз дейді.

 Кәусар Аяпбергенқызы