Қоғам

Журналистерге арналған тренинг

 

 

 

Бұл жиынға тілшілер қауымын Алматыдағы СПИД, туберкулез және малярияға қарсы күрес ғаламдық қорының өкілдері шақырып отыр. Олардың сонау алыстан ат терлетіп келгендегі мақсаты БАҚ арқылы СПИД ауруы туралы  халыққа мүмкіндігінше кең әрі дұрыс ақпарат беру болып табылады.  Тренинг әдеттегідей танысудан басталды. Телевидение мен газет тілшілері  жиын тақырыбы бойынша өз ойларын  ортаға салды. «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Мұрат Нұрмұқанов СПИД туралы осы саланың мамандары жазғаны дұрыс дейді.

  Мұрат Нұрмұқанов,  облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі:
-Конференция басталғанда пікір алмастық, сонда айтып жатыр журналистердің осы тақырыпты ашып көрсетуі. Жұртты қорқытпай, үркітпей, мағынасын түсініп барып, жазып беру. Біздің газетте басқа дәрігерлер мақала жазып жатады, СПИД орталығынан жоқ. Сондықтан мен осы арадан жаңа авторлар таптым.

Ұйымдастырушылар осы күрделі мәселеде жиі орын алатын өрескел қателіктерге талдау жасады. Енді қаламгерлер бұл пайдалы мәліметтерді  өз қызметтерінде   қолдана алатын болады.

 Кәусар Аяпбергенқызы