Бизнес және экономика

Кеден одағына қатысты жұмыстар орнығып келеді

 

 

 

Департаменттерде халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлердің Ресеймен қарым-қатынасы жақсарып, шекарадан өту машақаты азайған. Шілде айынан бері облыстағы кеден департаменті 27 қызметкерін оңтүстік аймақтарға жөнелткен. Алдағы уақытта тағы да қысқарту жүргізілмек. Бұл қызметкерлерге Қытаймен арадағы кеден бекеттерінен жұмыс орындары дайындалған . Ал шекарашылар алынып тасталған тек кедендік ресімдеу екендігін, азаматтардың жеке құжаттарын тексеру толық сол күйінде сақталғанын еске салады. Бұл уақытта шекара қиған  жолаушылар саны артқан. Салық органдары өз салалары бойынша жұмысты бір ізге келтірген. Дегенмен салық департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерге Салық кодексін егжей-тегжейлі түсіндіру керектігін айтады. Үш айдың ішінде кәсіпкерлер де, тұрғындар да Кеден одағының артықшылықтарын жақсы сезініпті.
 

Әсем Сембина