Балалар

Караванинг – туризмнің жаңа саласы

 

 

 

 

 

 Павлодарлық қонақтардың бізге алып келген жаңалығы – караванинг деп аталады. Бұл өткен ғасырдың  30-шы жылдары батыста пайда болған туристік қозғалыс. Біздің елімізде ол әлі тамырын тереңге жая қойған жоқ. Бірақ оны дамытуда алғашқы қадамдар жасалып жатыр және басы сәтсіз емес көрінеді.

  Елена Стрюкова, «Павлодар облысының балалар және пионер ұйымдары одағының» еріктісі:
-Караванинг – туризмнің өте қызық түрі.
Жастар өздеріне белгілі бағытты таңдап, сол бойынша ел көреді, көп қалаларды аралай алады. Байқауымызша, оған қызығатындар көп.

Туризм мамандығына бет бұрған студенттер бұл бағытпен әлі таныс емес. Бірақ көлікке жүктерін артып, алыс сапарға шығатын саяхатшыларды олар фильмдерден талай көрген.  
Жаңаны тануға деген құштарлықтары тасып тұрған студенттер караванинг ұғымын бірден меңгеріп алды.

  Нұрлыгүл Хабаева,  СҚМУ-дің 4-курс студенті:
Бұл туризмнің керемет түрі деп ойлаймын. Себебі  бізде игерілмеген жерлер көп. Оған караваниг көп үлесін қосады. Біздің облысымызда дамыса мен міндетті түрде оған үлесімді қосамын.

Енді болашақ туризм мамандары оның облысымызда қанат жаюын асыға күтетін болады.  

 Кәусар Аяпбергенқызы