Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық диқандар 4 млн тонна астық жинады

 

Биылғы жыл жер емген шаруа үшін оңай болған жоқ.  Қуаңшылыққа ұрынған егіс алқаптарының біразында дақылдар  қурап қалды.  Ал ғалымдардың кеңесіне сүйеніп, технологияны сақтаған серіктестіктер біршама жақсы өнім алып отыр. Ағымдағы жылы облыс шаруашылықтары 3 млн 900 мың гектар жерге бидай өсіріп, 4 млн 100 мың тонна астық  жинап алды. Орташа гектар берекелігі 10,5 центнер. Сапасы көңіл қуантады.

 Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
– Сапасы биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда жоғары. Клейковина 23-30-ға барады, ылғалдылығы –  10-14-ке дейін. 90 пайызы үшінші класты.

Ағымдағы жылы бидайға деген сұраныс та өсті. Осыған сай астықтың бағасы да шарықтап шыға келді. Облыста мемлекеттік қорға астық сатып алу жұмысы да жүріп жатыр. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 3 класты бидайдың бір тоннасына 26 мың 500 теңге ұсынып отыр.

Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
-Шаруалар мемлекеттік қорды қамтамасыз етудің маңызын түсінуі керек. Өткен жылы бидайдың бағасы өте төмен болды. Солай бола тұра мемлекет үлкен бағамен алған болатын. Биыл да жақсы баға ұсынып отыр.

Биыл жаз ыстық болғандықтан, астық та кептіріп жатуды қажет етпейді. Элеваторларда өткен жылғыдай кезек жоқ дейді облыс әкімінің орынбасары.

 

 Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің орынбасары:
– Элеваторларда орын жеткілікті. Олар қабылдап жатыр. Өткен жылғыдан 1 млн 800 тың тонна астық бар болатын. Оларды сыртқа шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Биылғы жылы астықтың шығымы жағынан Қызылжар, Мамлют және Ақжар аудандары алға шықты. Бұл аудандардың диқандары гектар басынан  13 -14 центнерден астық жинап алған.
 

 

Дана Ғизатова