Мәдениет

«Азат күнде қазақ тілінде сөйлейік» акциясы

 

 

 Акцияның өтуіне іскер әйелдер қауымдастығының жанынан құрылған «Бәйтерек» орталығы мұрындық болды. Құрылғанына көп уақыт болмаса да, ана тіліміздің мәртебесін көтеру үшін ең алғашқы батыл қадамдарын жасап та үлгеріпті. Орталықтың жетекшісі Аманжол Зағыпар акцияның өту мақсатын былай түсіндіреді.

  Аманжол Зағыпар,  «Шабыт» жастар клубының жетекшісі:
– Осы іс-шара  тіліміздің мәртебесін қазақ жастарының арасында көтеру – осы мақсатпен жастарды жинап акцияны өткізіп отырмыз.

Жиналған   жастар   Мағжан  өлеңдерін бар нақышына салып мәнерлеп оқыды. Олардың әрбір сөзінен тілге деген жанашырлықтың лебі сезіледі.

Гүлназ Оңғарбаева,  қазақ классикалық гимназиясының оқушысы:
 – М.Жұмабаев шығармалары арқылы біз көп тәлім-тәрбие алып жатырмыз. Оның «Қазақ тілі» атты өлеңі   сол кездегі қазақ тілінің жағдайын білдіреді. Біз, жастар, қазақ тілін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Ашық аспан астында Мағжан сенген жастар осылайша қазақтың рухын бір көтеріп тастағандай болды. Сондықтан «Азат күнде қазақ тілін асқақтату» үшін жастардың белсенділігі керек екендігі хақ.

 

Кәусар Аяпбергенқызы