ТКШ

Қолжетімді баспана

Тұрғын үй-құрылыс кооперативі осыдан бір жыл бұрын құрылды. Азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді мақсат еткен «Сапалы Аманат» кәсіпорны эконом-класстағы үйлерді тұрғызады. Мұнда жерге қатысты мәселелерді бір адам емес, үлескерлер  кеңесі шешеді. Кооператив өз қызметін тиісті заң аясында атқарып жатыр.

  Татьяна Царева,  «Сапалы аманат» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жауапты хатшысы:
  – Кооперативтің мүшесі болу үшін азаматтың өтініші, жеке куәлігі және салық төлеушінің тіркелу нөмірі қажет. Жиналған құжаттар әділет органына жіберіледі.

Бүгінгі күні кооперативпен 60 азамат келісімге тұрған. Қазіргі таңда ресейлік технологиялар бойынша үйлердің іргетасы қалануда. Бұл учаскеде «Вектор-Петрострой» ЖШС жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, серіктестіктің басшысы да кооперативтің құрамында. Баспананың бағасы қалта көтерерлік. Әр шаршы метр 250 АҚШ доллары мөлшерінде.

  Татьяна Царева, «Сапалы аманат» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жауапты хатшысы:
  – Бір бөлмелі пәтерлер – 48, екі бөлмелілер -72, ал үш бөлмелі баспаналар 90 шаршы метрді құрайды.

Алғашқы үйлер келесі жылдың күзінде пайда болады, дейді кооператив басшылары. Айта кету керек, қала тұрғындары үй құрылысының жаңа түріне сақтықпен қарайды. Қазіргі таңда жалған құрылыс фирмалары көбейіп кеткен соң, оларға кепілдік қажет. Сондықтан «Сапалы Аманат» қызметкерлері барлық үлескерлерді облыстық әділет басқармасында тіркеп, кооператив мүшесі екендігін  растайтын куәлік береді.

 

Жасын Біркенов