МТРА жаңалықтары

Облыстық мәслихат сессиясы

 

 

 

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша шамамен 200-ден астам бизнес-жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған. Оған 10.7 млрд теңге қаржы қажет. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Еркін Жоланов депутаттарға 2010-2012 жылдарға арналған облыс бюджетіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ұсынды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 561 895 мың теңге бөлінген. Оның ішінде 369 895 мың теңге кәсіпкерлікті қолдауға, 192 млн теңге индустриалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.


Еркін Жоланов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы:

-Кредиттер бойынша проценттерді субсидиялауға және кеңейтуге 176 миллион теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге 80 млн, сервистік қолдауға 32 млн теңге, экспортқа бағытталған өндірісті қолдауға 80 млн теңге бөлінеді. .

 

Бағдарламаны жүзеге асыруға 11 банк қатысып, 1413 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Өзгертулер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.