Әр түрлі

Облыстық қаржы полициясына жаңа басшы тағайындалды

 

 

 

 

 
Жанат Болатұлы Ешмағамбетов осыған дейін Қарағанды облысының қаржы полициясын басқарған. Тәжірибелі маманды өңір активіне таныстырған облыс әкімі жаңа басшыға сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күресте сәттілік тіледі.

Серік Біллов, СҚО әкімі:

– Жанат Болатұлы 1970 жылы туған. Қарағанды политехника институтын тәмамдаған. 1993-2002 жылдары Ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс жасады. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері  бойынша бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарған. Жанат Болатұлының өңірде сапалы жұмыс атқаратынына сеніміміз мол.
 

Ал осыған дейін облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментін басқарған Малгаждар Таткеев кадрларды ротациялау бойынша Қарағанды облысына ауысты. Жиында облыс әкімі өңір экономикасының дамуына кедергі болатын қылмыстарды ауыздықтауда қаржы полициясына жүктелетін міндеттің  зор екенін атап өтті.  
  

 Дана Ғизатова