Білім

«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Жаңа оқу жылының басында Мамлют ауданында материалдық қолдауға мұқтаж 300-ге жуық бала болған. Олардың қатарында жетім, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-ана қамқорынсыз қалған жеткіншектер бар. Қазірде солардың 50%-на қажетті деңгейде көмек көрсетілді. Бұл мақсатқа жалпы білім беру қорынан 1 млн.500 мың теңге бөлініпті.

  Берік Аюпов, Мамлют аудандық білім бөлімінің бастығы:
Оқушыларға көмек киім, оқу құралдары түрінде беріледі. Бұл балалардың еш алаңсыз мектепке барып, білім алулары үшін жасалып жатыр.

Аудан әкімі ұстаздар мен жеткіншектерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

  Қанат Қалиев,  Мамлют ауданының әкімі:
алалар бір жасқа ұлғайып, алтын ұя мектептің парталарына отырды. Олардың сапалы білім алуы үшін ауданымызда барлық жағдай жасалған. Мектеп күрделі жөндеуден өтіп материалдық базасы нығайтылды.

Балалар мен демеушілер кездесуінің ең маңызды әрі көңілді сәті, әрине, сыйлықтардың берілуі. Мамлют қаласындағы қазақ мектеп-интернатында материалдық қолдауға мұқтаж 25 бала білім алып жатыр. Солардың бірі 11 жасар Диана Шейгеева енді басқа балалармен бірге еш алаңсыз сабағымызды оқи аламыз дейді.

  Диана Шейгеева, Мамлют қаласындағықазақ мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы:
-Жасалып жатқан шара біздің көңілімізді көтеріп, баршамызды қуанышқа бөледі. Осындай қамқорлық жасап жатқан басшыларға рақмет айтамыз.

«Мектепке жол» акциясының аясында бұл күні 10 оқушы аудан басшысының қолынан сыйлықтар алды.

Кәусар Аяпбергенқызы