МТРА жаңалықтары

Жылжымайтын мүлік бағасы тұрақтанды



 

 

Жылжымайтын мүлікті болуды жоспарлап жүргендер үшін бұл жұмысты қолға алатын уақыт келді. Бүгінде пәтер бағасы өзгеріссіз тұр. Сарапшылар тұрғын үй нарығындағы мұндай тұрақтылық алдағы екі жылда сақталады деген болжам жасап отыр.

  Әлия Әлжанова, “Альянс банк” АҚ Петропавл филиалының бөлімше бастығы:

-Жылжымайтын мүлік бағасы тұрақтанды. Үлкен өзгерістер күтілмейді. Жаңа үйлер құрылысы шамалы. Негізінен бұрынғы үйлер саудаға түсіп жатыр. Бірақ банктердегі ипотекалық несиелендіру жанданбай отыр. Сондықтан қазір пәтер рәсімдеу үшін өте қолайлы уақыт туған.

Қаржы институттары тұтынушыларға пәтер алуда қолайлы жағдайлар жасауда. Мәселен , «Альянс банк» қазақстандықтар үшін ипотекалық бағдарламаның шарттарын өзгертіп, пайыздық ставканы төмендетті.

  Әлия Әлжанова, “Альянс банк” АҚ Петропавл филиалының бөлімше бастығы:   

– Біз тұтынушыларға ипотека бойынша төмен -13 пайыздық ставка бекітіп отырмыз. Ал алғашқы салым – пәтер бағасының 10 пайызын ғана құрайды. Бұл қазақстандық нарықтағы өте тиімді ұсыныс деп ойлаймын.

«Альянс банк» ипотека бойынша 30 млн теңгеге дейінгі мөлшерде  несие береді. Кіріс туралы мәлімет дәлелденген соң, клиент сатып алынатын мүлікті кепілдікке қойып, пәтердің 90 пайыздық құнына несие ресімдейді. Несиені 20 жылда өтеуге болады.

  Әлия Әлжанова, “Альянс банк” АҚ Петропавл филиалының бөлімше бастығы:  

– «Альянс банкінен» несие алу қиын емес. Тиісті құжаттар мен клиенттің несиені төлеу мүмкіндігі жеткілікті. Туысқандардың көмегіне де жүгінуге болады.

Бұрындары ипотека ресімдеуге көмектесетін адамның несие мерзімі біткенше зейнеткерлікке шықпауы міндетті еді. Бұл жолы мұндай талап алынып тасталған. Сондықтан банк мамандары несиеге пәтер алудың ең тиімді шағы туғанын айтады.
 

Әсем Сембина